Шетелде теологиялык білім алуды заңнамалық реттеу

0

Қоғам бір орында тұмайтыны белгілі. Саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, танымдық өзгерістермен қатар, ғылыми технологиялық жаңалықтар заңаманы заман талабына сай жетілдіріп отыруды талап етеді.

Қазіргі кезеңде жоғарыда аталған үрдістерден бөлек, радикалдық идеалдарды тарата отырып діни ұстаныммен діни түсініктерде жасанды қайшылықтар туындату арқылы өз мақсаттарына жетуді көздейтін теріс пиғылдағы топтар пайда болуда. Бұдан да басқа қалыптасқан жаһандық жағдайларды күрделендіре түсетін факторларда аз емес. Олар қоғамның діни сауатының төмендігінен, толассыз ақпараттардың сараланып, ой елегінен өтіп үлгерместен ғалам тор арқылы жедел тарауынан, құқықтық базаның заман талабына сай келмеуінен туындайтын келеңсіздіктер.

Мемлекетіміз Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткені мәлім. Заңнамаға өзгеріс енгізу қажеттілігі бірінші кезекте, еліміздің азаматтарының өтініш – талаптары түрткі болуда.

Бұл бастамалар діни ұрандарды жамылып әрекет ететін экстремистік идеологияларға қарсы тұруға және деструктивті әрекеттерді тыюға бағытталған, заңнамалық тұғырды нығайтуға септігін тигізері анық. Онда діни білім беру, неке, діни бірлестіктер қызметі, экстремизмге қарсы іс-қимылдар, миссионерлік және басқада салаларды қамтитын заңдарға өзгертулер мен пысықтаулар енгізу көрсетілгендей зайырлы, құқықтық мемлекеттің қағидаттарына қайшы келетін құбылыстарды заңнамалық реттеу межеленуде.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында шетелде теологиялык білім алуды заңнамалық реттеу діни біліммен зайырлы білімнің ортақ мәселесі айналып отыр. Осы орайда, заң жобасына Қазақстан азаматтарының шетелдерде діни білім алуын реттейтін жаңа норма енгізілуде. Заң жобасына сәйкес еліміздің азаматтары жоғары білімді Қазақстанда алғаннан кейін ғана шетелде діни білім алуына рұқсат етіледі. Бұл толықтырулар халқаралық тәжрибелерге мүйене отырып енгізілуде. Айталық, Малайзия және Түркия елдердің азаматтары шет мемлекеттерде діни білім алу үшін ең алдымен өз отандарында жоғары білім алулары шарт.

Жалпы елімізде жастардың шетелдерде білім алуына барлық жағдайлар жасалған, атап айтар болсақ «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы.

Алайда, соңғы уақытта жастарымыздың шетелдерде оқып жүріп әртүрлі келеңсіз оқиғаларға тап болу жайттары орын ала бастағаны жасырын емес. Ал мемлекет өз тарапынан өз азаматтарының қауіпсіздігіне, жапа шекпеуіне және басқа елдердің заңдарына қатысты мәселелер туындамауына мүдделі. Өйткені кейбір шет мемлекеттерде, Таяу Шығыс сынды елдерінде соңғы жылдардағы әртүрлі діни ағымдардың белсенділігінің артуымен, дінаралық қақтығыстардың белең алуымен және экстремистік, террористік ұйымдардың ашық наразылыққа шығуымен қоғамдық-саяси және діни ахуал күрт күрделенуде. Сондықтан, еліміздің азаматтары өздерінің болашақ білім алатын елін таңдау барысында сол мемлекеттің қоғамдық-саяси және діни ахуалы туралы ой түйіп, оның тарихын, мәдениетін, діні мен ділін біліп алып, демек оңды солын танығанан кейін ғана шешкені жөн.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, жастардың 79,6 пайызы дін ұстанады, оның 9,9 пайызы белсенді түрде дінге бет бұрған. Демек осы осы жастардың қауіпсіздігіне мемлекет жауапкершілігін сезінеді.

Осы аталғандарды ескере отырып дін саласындағы заңнамаларды толықтыру мен жетілдіру оның ішінде шетелде теологиялык білім алуды заңнамалық реттеу мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне яғни, экстремистік, лаңкестік іс-әрекеттерге қарсы тұрудағы әл-ауқатын арттырары анық.

Алимкулова С.Б.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.