Елорда тұрғындары қаладағы діни ахуалды қолайлы деп бағалайды

0

Діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында бүкіл ел бойынша қолданымдағы мәселелерді шешуге септігін тигізетін әртүрлі әлеуметтік зерттеулер жүргізілуде.

2019 жылы «Нұр-Сұлтан қ. Дін проблемаларын зерттеу орталығы» ЖШС тарапынан «Нұр-Сұлтан қ. діни ахуалды бағалау», «Нұр-Сұлтан қ. деструктивтік діни ағымдар (ДДА) идеологиясының таралу факторлары, тенденциялары және негізгі тетіктері», «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі» тақырыптарындағы үш түрлі әлеуметтік зерттеу жүргізілген болатын.

Аталмыш зерттеулердің қорытындысы бойынша елорда тұрғындарының басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласындағы діни ахуалды «қолайлы» деп бағалайды, сондай-ақ тұрғындардың көпшілігі үшін басқа дінді ұстанатын адамдармен бір қоғамда өмір сүру толығымен және әбден қолайлы болып табылады.
Жалпы, елорда жұртшылығының төзімді әрі толерантты болғанын байқауға болады. Контртеррористік операциялар мен «Жусан» гуманитарлық операциясы сынды ауқымды іс-шараларды БАҚ-та жариялаудың арқасында қоғамда әртүрлі экстремистік күштерге қарсы әрекет ету бойынша күштік құрылымдарының жұмысы туралы оң пікір қалыптасуда. Сондай-ақ, тұрғындар мемлекеттің толерантты конфессияаралық саясатын оң бағалайды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.