Microsoft 14 қаңтардан бастап Windows 7 операциялық жүйесін қолдауын тоқтатады

0

Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады. Қолдаланушыларда операциялық жүйенің нұсқасын ауыстыру үшін тағы 10 күн бар, өйткені «жеті» енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайды, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрінің немесе жаңа технологиялардың пайда болуы – қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида – киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады», – деді Microsoft баспасөз қызметі.

Windows 7 орнатылған компьютерлер 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап хакерлер үшін жеңіл олжа болып қалу қаупі бар. Сондықтан әзірлеуші оны жаңарту қажеттігі туралы мәлімдеді. 

Сондай-ақ, қолдаланушылар құрылғысы заманауи талаптарға сай болмаса, оларды жаңартуы қажет.

«Windows 7-де шыққан заманауи емес құрылғыларды, яғни, мораль тұрғысынан ескірген девайстарды жаңартақн кезде олардың өнімділігі төмендетуі мүмкін», – деп қосты Microsoft баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар, компания өкілдері ескірген құрылғылар Windows 10-ның негізгі қауіпсіздік мүмкіндіктерін қолдамайтынын айтты, олар: биометриялық датчиктер, қауіпсіз жүктеу құралдары, аппараттық виртуализацияны қолдайтын процессорлар және басқа да аппараттық компоненттер.

«Windows Hello көпфакторлы аутентификация платформасым техника иесінің келбетін, саусақтың немесе алақанның ізін пайдалануға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.