Индонезияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 43-ке жетті

0

Индонезия астанасы Джакартада су тасқынынан зардап шеккендер 43 адам қаза таптығ – деп хабарлайды Jakarta Post газеті BNPB ұйымына сілтеме жасап. Осыған дейін су тасқынынан 26 адамның қаза тапқаны айтылған еді. 

Елдің табиғи апаттарының алдын алу ұлттық агенттігінің баспасөз жетекшісі Агус Вибово осыған дейін 90 ауданда Жаңа жыл қарсаңында басталған нөсер жауын әлі тоқтамағанын, сонымен қатар өзендер арнасынан тасығанын айтты. Көлік қозғалысы шектеліп, электр қуаты сөнген. 

Жергілікті уақыт бойынша, бейсенбіде кешкі уақытта 400-ден аса адам өз үйлерін тастап, қауіпсіз аймаққа бас сауғалауға мәжбүр болған. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.