Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды, — деп хабарлайды Ақорда сайты.
Бұл қаулыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген сайтта.