Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған жігіт марапатталды

0

Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде денесімен аяғы ауыр әйелді жауып қалған жігіт марапатталды, – деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

23 жастағы Темірлан Қадауовқа 2 қаңтарда медаль берілді. Алматы полиция департаментінің басшысы генерал-майор Серік Күдебаев оның кеудесіне «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін тақты. 

«Ол төтенше жағдайда ерлік көрсетіп, денесімен қасында отырған аяғы ауыр әйелді жауып қалды. Сонымен қатар, ол алған жарақаттарына қарамастан жедел қызмет өкілдері келгенше басқа жолаушыларға көмектесті. Темірлан Қадауов бұл наградаға лайық. Бірінші кезекте, бұл – халықтың атынан айтылған алғыс», – деді полицияда.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.