Нұр-Сұлтанда Жаңа жылда қанша бала дүниеге келді?

0

Жаңа жылда елордада 24 сәби дүниеге келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жедел-жәрдем қызметкерлері 1628 қоңырау қабылдады. 2020 жылдың 1 қаңтарында сағат 00:00-12:00 аралығында елордада барлығы 24 бала өмірге келді. Оның 14 – қыз, 10 – ұл», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz сауалына.

2020 жылы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров пен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова елордалық ауруханаларды аралап қайтты. Олар Жаңа жылды ауруханада қарсы алған тұрғындардың жағдайын біліп қайтты. 

Астаналық медициналық ұйымдар Жаңа жыл мерекесі күндері штаттық режимде жұмыс істейді. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.