Жамбылда газ құю станциясы аумағында өрт болды

0

Жамбыл облысы Мерке ауданындағы «Казгазтрейд» ЖШС газ құю станциясы аумағында өрт болды, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

«5 қаңтар күні сағат 19:26 Мерке ауданындағы Ақтоған ауылынан 3 шақырым жердегі «Казгазтрейд» ЖШС газ құю станция аумағынан өрт шықты. Автоцистернадан шыққан газдан өрт тұтанған. Шыққан жалын операторлық ғимарат пен оның қасында жапсарлас орналасқан дүкендерді шарпыған. Өрт сағат 19:56 ауыздықталып, сағат 20:33-де толық сөндірілді. Жалпы ауданы 70 шаршы метр аумақ өртенген. Өрттен ешкім зардап шекпеген» – делінген комитет хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қауіпсіздікті сақтамау салдарынан болған. Оқиғаның басқа да себептері анықталып жатыр.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.