Жамбыл облысында екі жұмысшыны пойыз басып кетті

0

Жамбыл облысында пойыз астына түскен екі адам қаза тапты. Тергеу шаралары басталды, – деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі. 

«Биыл 13 қаңтарда Жамбыл облысындағы Бел станциясына кіреберіс жерде Алматы – Ақтөбе бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының локомотиві екі адамды қағып кеткен. Олар алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Оқиға орнына Шу станциясының тізбектегі полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы аттанған. Қаза тапқандардың кім екендері анықталды. Олар 33 жастағы және 44 жастағы теміржол ұйымының бірінде істейтін жұмысшылар екені анықталды», – делінген полиция хабарламасында. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі («Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша сотқа дейінгі тергеу шарасы басталған. 

Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.