Жамбыл облысында басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды

0

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Биыл 1 ақпанда күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді», – делінген хабарламада. 

Күдіктінің кінә дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.