Ыстамбұлда апатқа ұшырау алдында қонған ұшақтың видеосы пайда болды 471

0

Ыстамбұлда апатқа ұшырау алдында қонған ұшақтың видеосы пайда болды, – деп хабарлайды РИА Новости. Видеоны түріктің DHA ақпарат агенттігі жариялады. 

Pegasus әуекомпаниясының ұшағы Сабихи Гекчен атындағы ыстамбұлдық әуежайға апат жағдайында қонған. 

Видебақылау камерасына түсірілген видеодан лайнердің ұшу-қону жолағымен асқан жылдамдықпен қозғалып келе жатқанын, кейін шетке шығып кетіп, жардан құлағанын көруге болады. 

Измир – Ыстамбұл рейсін орындаған ұшақ үшке бөлініп қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 179-ы жарақат алған. 

Ыстамбұл губернаторы Али Ерикайяның айтуынша, бортта 183 адам болған: 177 жолаушы, оның ішінде екі бала, экипаждың алты мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша, апат себебі қолайсыз ауа райы.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.