Біз біргеміз, берік іргеміз!

0

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері  20 ақпан – Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттік күніне орай еріктілер қызметін жалғастырып «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу» орталығының емделушілері арасында «Біз біргеміз, берік іргеміз» мейірімділік кешін өткізді. 

Іс-шарада кітапханашылар адамзаттың назарын әлеуметтік әділдікке, теңдікке аудару үшін бекітілгенін, әділдік деген адамзат тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұғым екендігін, қазіргі кезде әділдік ұғымы барлық адамдарға теңдей мүмкіндікпен құқық беретін демократиялық қоғамның негізі ретінде қарастырылатындығына тоқталды.

Сонымен бірге, кітапханашылар көңілді ән-билерін тарту етсе, тұрақты оқырман Саят Алихан патриоттық  әндер шырқады. Әсем әнге ақжаулықты аналар және аталар ортаға шығып билеп,  көңілдері көтерілді.

«Аурудың емі–саудың сәлемі» дегендей, кітапхана қызметкерлері емделушілер арасында ойындар ойнатып, белсене қатысушыларға сыйлықтар ұсынды. Олар нағыз өмірдің не екенін және қалай өмір сүру керектігін білетін, түсінетін адал да, ардақты жандар!!!

Емделуші жандардың жүректерін жылыту – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!! 

«Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу» орталығының ұжымы мен емделушілері іс-шараға  ризашылықтарын білдіріп, кітапхана ұжымына алғыс айтты. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.