Жамбыл облысының тұрғынынан 35 келі есірткі тәркіленді

0

Жамбыл облысының есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданы, Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Себебі азаматтың автокөлігін тінту кезінде салмағы 4 келі 630 гр гашиш табылған. Есірткі заты целлофан пакетке оралыпты.

Ал күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде 12 – калибрлі мылтық, 4 оқ-дәрі, ал қоймасынан тағы салмағы 30 келі 380 гр болатын  марихуана тәркіленген. Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.