Бекшин жұмыс берушілерге үндеу жасады

0

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұйым басшыларына ұсыныс жасады, – деп хабарлайды «Хабар-24″.

«Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары 1-2 санаттағы елдерден келген қызметкерлерді жұмысқа жолатпауы керек. Неге десеңіз, ең біріншіден бүкіл ұжымды қорғау керек. Олар өз тарапынан өз жанұясын, достарын, туыстарының денсаулығын ойлауы керек», – деді Ж.Бекшин.

4 наурыздағы 12-қаулының 1 тармағына сәйкес, 1 Б және 2 санаттағы елдерден келетін адамдар заңнамаға сәйкес, тұратын жері бойынша өзін-өзі оқшаулап, үйдегі карантинде болуы тиіс. Айта кетсек, 1 А тобындағы елдерден келгендер міндетті түрде 14 күнге карантинге жатқызылады. Бүгіннен бастап Италия коронавирусқа байланысты 1-санаттың А тобына енгізілді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.