Англия футболшыларға ойын алдында қол алысуға тыйым салды

0

Коронавирустың кесірі бәрі. Ағылшын премьер-лигасы матч алдында футболшылар, төрешілер арасында қол алысатын ескі дәстүрге уақытша тыйым салды, – деп хабарлайды eurosport.ru.

«Осы демалыстан бастап ойыншыларға бір-бірімен де, төрешілермен де қол алысу болмайды. Дәрігерлер «енді амандаса беріңдер» деген рұқсат бермейінше осындай шектеу енгізілді. Коронавирус ауыз бен мұрыннан шығатын көзге көрінбес тамшылар арқылы тарайды, сондықтан қол алысу арқылы ауру жұғуы бек мүмкін. Командалар енді бұрынғыдай Премьер-лиганың ресми музыкасы ойналғанда сапта тұрады, сосын бірақ алаң иелерінің ойыншылары кері бұрылып, қарсыластарының қолын алмастан жанынан өте шығады», – делінеді АПЛ мәлімдемесінде.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 98 мың адамға жақындап қалды, 3,3 мыңнан астам қайтыс болды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.