Инклюзивтік білім берудің гуманистік бастауларын тануда ұлттық тамырымыздан нәр ала білудің маңыздылығын дәлелдейді

0

Инклюзивті білім беру – жалпы білім берудің даму үдерісіндегі барлық адамдарды оқыту, сонымен қатар әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына қол жеткізу. Инклюзивті білім беру ортасы – дамуында ерекшелігі бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен дағдыларды игеруге деген дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын құндылықты-бағдарланған орта.

Қазақ ұлттық фольклоры – қазақ ұлттық педагогикасының тарих түбінен келе жатқан тұмасы болса, оның сабақтастығы, дәстүрлілігі, толығып тұруға бейімділігі, көркемдік жетілгендігі қазіргі қазақстандық қоғамда бүр жарып келе жатқан инклюзивті білім беру жүйесінің де өркендеуіне берер қуаты мол болатынына дау болмасы анық.

Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы болған фольклордың қазіргі дүниетанымымызбен сабақтастығын шынайылықпен танытар кезеңі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен тығыз байланысты деп санаймыз. Елбасымыздың: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», – деген сөздері инклюзивтік білім берудің гуманистік бастауларын тануда ұлттық тамырымыздан нәр ала білудің маңыздылығын дәлелдейді.

Осындай жаңашыл бағытты ұстана отырып, инклюзивті білім беруде, ендігі ретте, қазақстандық қоғамда да «адам және өмір», «адам және құндылық», «адам мен оның мүмкіншіліктері», «мүгедек адамдардың денсаулығының шектеулі болуына байланысты қоғамдағы орнынан тысқары 41 етпеу» деген түсініктерге құқықтық, гуманистік, құндылық көзқарастар тұрғысынан жаңғыратынына сенімдіміз. Сол жолмен жүретін инклюзивті білім беру жүйесінің жаңғырған философиялық негіздемеден сусындап, сенімді теориялық тұғырлардан табысты, өміршең әдістемелік/ практикалық жүйелер құралады.

Қазақстандық қоғамдағы инклюзивті білім беру мәселесінің түпмәнісі – гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастыра отырып, денсаулығына байланысты мүмкіншіліктері шектеулі тұлғалардың да өмірдің өзі таңдаған саласында оқып, жұмыс жасап, табысты болуына мүмкіндіктер жасалуы тиісті екендігі терең ұғыныла түсініледі.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.