Гибралтарда әуеге шар ұшыруға тыйым салынды

0

Гибралтар елінің билігі гелий толтырылған шарларды әуеге ұшыруға ресми түрде тыйым салды. Осылайша мұхит суының ластанбауына назар аудармақ.

Пиреней түбегінің оңтүстігінде орналасқан елдің мұндай қадамға баруы жай кездейсоқтық емес. Себебі әуеге ұшқан шар түбі мұхит, не теңізге қоқыс болып түседі. Өйткені елдің жер көлемі шағын ғана, айналасын мұхит пен теңіздер қоршаған.

Әуе шарлары қоқысынан көбіне балықтар, тасбақалар мен құстар зардап шегеді. Олар түрлі-түсті шарды тамақ ретінде тұтынып, ажал құшады екен. Шар резіңкесі асқорыту жүйесін жауып, тіршілік иесі аштықтан өледі.

Гибралтарда әуе шарларын ұшыруға тыйым салу ұзақ уақыттан бері айтылып келді. Белсенділер бұл ұсынысты билікке ұсынған. Себебі елде жыл сайын Ұлттық мереке қарсаңында тұрғындар шамамен 30 мың ақ, 30 мың қызыл шарды көкке ұшырады екен. Салтқа айналған. Экологтар мұның зардабын 10 жылдан бері ескертіп келген. Нәтижесінде ел билігі ресми түрде заңға өзгерту енгізіп, тыйым салды.

Айта кетейік, Гибралтар 1713 жылы Утрехт келісімі бойынша Ұлыбританияға өткен Испанияның оңтүстігіндегі түбек. Содан бері Мадрид аймақты қайтарып алуға күш салып келеді. Бірақ 1967 және 2002 жылы өткен референдумда өңір халқы Испанияға қосылудан бас тартқан.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.