Сапарбаев салынып жатқан нысандардың сапасын өзі тексеретінін айтты

0

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті сақтау, ветеринарлық қауіпсіздік және идеологиялық жұмыстар барысы қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

Аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов ағымдағы жылы атап өтілетін мерекелер мен мерейтойлар, «Бейбітшілік пен келісім», «Сөзден іске» және т.б. жобалар шеңберінде жоспарланған іс-шаралар және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, ол корановирустық инфекциямен күрес, карантин жағдайында облыс тіршілігін БАҚ-та жариялау, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша жан-жақты тоқталып өтті.

Дауыл Бейсенқұлов тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, ерекше көзге түскендерді және азаматтардың өтініштеріне жауап беруге асықпайтын әкімдіктерді атап көрсетті.

Өз кезегінде облыс әкімі ішкі саясат бастығына былай деді: «Қазіргі уақытта сауатты ақпараттық саясат ерекше маңызға ие. Тұрғындарды толғандыратын тақырыптарда көбірек әлеуметтік сауалнама жүргізу қажет. Азаматтардан келіп түсетін барлық мәселелерге талдау жүргізетін және оларды шешу үшін тиісті шаралар әзірлейтін 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеуі тиіс. Облыстың бірегей туристік нысандарын еліміздің барлық аймағына дұрыстап көрсете білуіміз керек. Келесі міндет – теледидар мен газеттерде жаңа бағдарламалар мен айдар ашу болып табылады. Жастар үшін үлгі болатын еңбек адамдары, әлеуметтік жауапты бизнесмендер туралы сюжеттер мен мақалалар аз».

Реті келгенде айта өтерлігі, өңірімізде мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілетін конкурстарды негізінен жергілікті кәсіпорындар ұтуда екен. Бұл тек экономика үшін ғана емес, әлеуметтік сала үшін де оң әсер етіп отырғаны айтылды. Салық жергілікті бюджетке түседі, ал жаңа жұмыс орындарында жергілікті тұрғындар еңбек ете бастайды.

Аппараттық кеңесті Бердібек Сапарбаев былай қорытындылады.

– Тек бюджетке ғана қарап отыруға болмайды, басқа да қаржыландыру көздерін белсенді түрде іздестіру керек. Демеушілермен жұмыс істеу, тікелей инвестициялар тарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту. Аудан әкімдері шаруа қожалықтарының минералдық тыңайтқыштарын сатып алуы, өндірілетін асфальттың, басқа да құрылыс материалдарының сапасын бақылауда ұстауы қажет. Бос жиналыстардың санын қысқартып, кәсіпорындарға жиі бару керек. Жауапты тұлғалар тарапынан берілген тапсырмалардың іске асырылуына талдау мен бақылау аз. Барлық жағдай жасалған, ақша аударылды, тек жұмыс істеңіздер. Мен салынып жатқан нысандардың сапасын жеке өзім тексеретін боламын.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.