«Тараз» Шымкенттен ұпайсыз қайтты

0

Футболдан ел премьер-лигасының ХІ турын «Тараз» Шымкентте «Ордабасыға» қарсы өткізді. Ойында алаң иелеріне 3:0 есебімен есе жіберіп, ұпайсыз қайтты.

Ордабасы ойындағы екі голын бірінші таймда-ақ соғып үлгерді. 7 минутта Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашса, араға 10 минут сала Жоао Пауло гол авторы атанды.

Ойын аяқталар тұста Май Сифиве Махлангу шымкенттік команданың үшінші голын соқты.

20 ұпай жинаған «Ордабасы» турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. Ал «Тараз» 10 ұпаймен 9-орында келеді.

ХІ тур ойындарының нәтижелері

18 мамыр

«Оқжетпес» – «Қайсар» 1:2 (1:1)
Гол соққандар: Барсегян Тигран 10 (0:1) , Алмейда Алвес Данило 37 (1:1) , Джон Джошуа 74 (1:2)

«Тобыл» – «Атырау» 3:0 (1:0)
Гол соққандар: Федин Максим 44 (1:0) , Жулпа Артурас 53 (2:0) , Валиуллин Руслан 90+3 (3:0)

«Жетісу» – «Ақтөбе» 1:1 (1:0)
Гол соққандар: Жаксылыков Айбар 44 (1:0) , Аймбетов Абат 76 (1:1)

19 мамыр

«Қайрат» – «Ертіс»
«Астана» – «Шахтер»

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.