«Қарахан» кесенесі аумағына алуан түрлі гүлдер отырғызылуда

0

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің жұмысшылары тарихи кешен «Қарахан» кесенесі маңындағы сквер аумағына көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Кешен аумағы тазаланып, алуан түрлі гүлдер отырғызылуда. Кешеннің жан-жағындағы сынған кафельдер орнына жаңалары салынуда. Сонымен қатар Абай, Төле би даңғылдары мен қаланың шығыс және батыс қақпалары жағының көше бойындағы шөптері орылып, талдар әкпен балақталуда.

Облыстық, қалалық мекеме, кәсіпорындарының қызметкерлері қала аумағында бекітілген көшеде тазалық жұмыстарын жүргізді. Алдын ала сенбілік туралы хабарлама таратылды. Жапы сенбілікке 2810 адам тартылып, 163 тонна күл-қоқыс шығарылды, ұзындығы 47,8 км арық жүйелері тазартылып, 72 дана техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары кезінде санитарлық талаптарды сақтауға баса назар аударылды. Жұмысқа жұмылдырылғандар арасында сақтық шараларына сәйкес арақашықтық сақталып, бетперде, қолғаптармен жабдықталған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.