Шетелдіктер Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімі еске түсуі керек

0

«Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек» – деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі орталығына сілтеме жасап.

Еліміздің болашағы ретінде – біз жастар Президент үндеуін қолдап, жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз парыз. Өйткені, саяси билік мәселесінен бастап, ел экономикасы мен салт-дәстүр Абаймен тығыз байланысты. Президенттің алғашқы мақаласы Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының шығармасы мен сол Абайдың сүйіп өткен халқына арналды.Егеменді ел болып қалыптасуда Абайдың жолымен жүрген абзал. «Әділетті қоғам», «Толық адам» идеялары ізгілікке жетер мемлекеттің негізін құраушы факторлар. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолында да ұлтымыздың маңдайына біткен кемеңгер бабамыздың өсиеті кәдеге жарары сөзсіз.

Абай Құнанбаев, қазақ әдебиетіне ғана емес, қазақ мәдениетіне, тарихына да бұрын белгісіз жаңа поэтикалық формаларды енгізді. Қазақ тілін меңгерудің негізгі қағидаларын ұстана отырып, ана тілінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жаңа жолдар ашты.Ақын шығармалары әлемнің 60 тіліне аударылған. Оның аяқталмаған поэмасы мен 45 қара сөзі кез-келген оқырман ашып оқи алатын шығарма емес. Философиялық тағлымы терең, мәнісі зор туындылар. Абайды дәріптеу қазақ халқының рухани аренада ойып орын алуына тигізер септігі зор екенін Президент атап айтты. Ендігі жаңа бренд – Абай. Халықтың санасындағы шикізатқа тәуелділіктің жойылуы тиіс екенін, жаңа білім үйреніп жаһандану заманында қайта жаңғыруды негізге алды. Абай шығармаларын бірнеше тілге профессионалды тұрғыда аударылуын Президентіміз де талап етті.Бұл мемлекеттің билік тарапынан тапсырған шаралары болса, жастарымыздың ойы қандай екен? Осы орайда не істей алады?Жоғарыда атап айтқандай, ел болашағы – өскелең ұрпақ.

Әрбір азамат осы ойға жауапкершілікпен қарай алса, ел ертеңі үшін алаңдаудың қажеті болмас. Мәселен, ұлт тарихын толық меңгерген, әдебиетіндегі батырлар мен ұлылардың өсиетін оқыған, мәдениетін сақтай білген, бойында адамзатқа деген сүйіспеншілігі мол жас өреннің болашақ үшін қиянат жасамасы анық. Абай атамыз жазғандай үлкенге де, кішіге де, қазаққа да, басқасына да бір жөн бағыт – «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп!».

#АБАЙ175

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.