Жуалы ауданында, кәсіпкер «Бурное Солар» күн электр станциясының бас директоры Капенов Нұрлан Нұрғалиұлы өз қаржысын «Бауыржан Момышұлы» қайырымдылық қоғамдық қорына аударып, өз есебінен Б.Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты тұрғын үйден 3 бөлмелі пәтер сатып алып, осы пәтердің кілтін Б.Момышұлы ауылының тұрғыны 6 қыздың анасы Еділбаева Қалипа Сарекешқызының отбасына сыйға тартты.
Баспаналы болған көпбалалы отбасының көзайым қуанышын бөлісуге аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев қатысты.
Кәсіпкер Капенов Нұрлан Нұрғалиұлы, аудан басшыларымен бірге отанасы Қанипа Еділбаеваға екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, шаңырағына шаттық, бақыт, ынтымақ тіледі.
Қуаныштан көзіне жас алған Қалипа ана жомарт жүректі кәсіпкерге алғысын білдірді.