Таразда жылу беретін мекеме 453 абонентті ақы төлеуден босатты

0

Тараз қаласының тұрғындары жаз айларында ыстық сусыз отыратыны ешкімге жаңалық емес. Оның себебі мен салдарын түрлі әкімдер түрлі уәде беріп шешпей кететін. Бұл мәселенің шарықтау шегі былтыр болды – қаланың барлық көшелерін қазып, құбырлан алты айы бойы ауыстырмай елдің мазасын қашырған еді, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

Тараз қаласында жалпы қолданыстағы 1312 үйдің 1253 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, оның ішінде 912 үй ыстық су жүйесімен қамтылған. Алайда 341 үйде ыстық су алуға техникалық тұрғыдан мүмкіндіктері қарастырылмаған көрінеді.

2019-20 жылдардағы жылыту маусымы ағымдағы жылдың 20 сәуірінде аяқталып, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақтығы 184 күнге созылған. «Таразэнерогорталық» акционерлік қоғамының тұтынушылары бойынша жылу қазандықтары мен жылу жүйелерінде жоспарланған жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 1 шілдеден бастап ыстық су беру тоқтатылған. Елдің наразылығын тудырғаннан кейін 1 тамызда қалаға қайта ыстық су берілді. Ыстық су беретін қалада екі мекеме. Ол: «Таразэнергоорталық» АҚ мен «Жамбыл Жылу» мекемесі. Екеуі де жекенің қолында. Сондай-ақ, «Таразтрансэнерго» мекемесі жылу таратады.

«Таразэнергоорталық» АҚ  басқарма басшысы Бақберген Мәуленов қазіргі таңда қандай жұмыстар істелініп жатқаны туралы айтып берді.

«Бүгінгі таңда жылы маусым кезде кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз тиіс. Қыстың күні үйлері тонып отырғаннан гөрі жаздың дайындық жүргізгеніміз дұрыс деп есептеймін. Ал өзіміздің тарапымыздан мекеменің есебінен ҰОС ардагерлері мен мүгедек балалары бар тұрғындарға жылу беруді тегін ету мәселесін шештік. Осындай топта 453 абонент бар. Айына мекеме бес миллионға жуық қаражатты өз мойнына алып отыр», – дейді Бақберген Мәуленов.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.