Жамбыл ауданында 4 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

0

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны — 3059 құраса, оның барлығы аудан тұрғындары. Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны – 3902.

Атап айтар болсақ, тұрақты жұмыспен қамтылғандары – 1836
— қоғамдық жұмысқа жолданғандар – 872
— әлеуметтік жұмыс орындары –93
— жастар практикасы – 258
— қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту – 162
— мемлекеттік грант – 372
— шағын несие алғандар – 95
— «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту – 234

Есепті кезеңде 115 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны – 115 адам.

Бірінші бағыт:
Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
РБ 34,4 млн. 160 адам оқуға жоспарланып, 162 жолданды.
(шаштараз 10, аспазшы 20, тігінші 17, кондитер 15, дәнекерлеу ісі 10, автоэлектрик 10, визажист 10, маникюр 15 адам, автокөлік жүргізушісі 30, массажист 15, ақпараттық жүйелер 10).
«Бағыт-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, автокөлік жүргізушісі – 30 адам, тырнақ шебері – 15, дәнекерлеуші – 10, автоэлектрик -10.
«Эльба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, аспазшы – 20 адам.
«Sultangaly» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, кондитер -15 адам, шаштараз – 10,
«Эко Блок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, ақпараттық жүйелер-10 адам.
«Әулие-Ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне массажист – 15 адам.
«Жамбыл облысындағы жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы» ЗТБ жанындағы ҚР Тігін өндірісінің қажеттілігі үшін жұмысшы мамандықтарына оқыту және біліктілігін арттыру орталығы, тігінші- 17 адам
Центр Даму КЗ оқу орталығы, визажист -10 адам

Екінші бағыт:
Өз кәсіптерін дамытуға, кеңейтуге 150 азаматқа 583,7 млн. несие жоспарланып, 95 азамат 378,7 млн. алды.
(2020 жылға өз кәсіптерін дамытуға, кеңейтуге 583 млн. 732 мың теңгеге 150 азаматқа несие беру жоспарланып, бүгінгі күнге 95 азамат 378 млн. 700 мың теңге несие алды. («Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» арқылы 135 азаматқа 513 млн. 732 мың теңгеге және КТ Дихан несие серіктестігі арқылы 15 азаматқа 70 млн. теңгеге).
77 азамат 280 млн 800 мың теңгеге мал шаруашылығына, 3 азамат 18 млн тамшылатып суғару құрылғысын алуға, 4 азамат 23 млн егін шаруашылығына, 3 азамат 12 млн жүк көлігін алуға, 1 азамат 4 млн балық шаруашылығына,1 азамат 6 млн ауыл шаруашылығы техникасына, 1 азамат 6 млн компьютер құрылғыларын сатуға,2 азамат 10 млн. 900мың теңгеге трактор алуға, 1 азамат 6 млн экскаватор алуға, 1 азамат 6 млн техникалық жөндеу орталығын салуға, 1 азамат 6 млн теңгеге астық сақтау тоңазытқышын алды, барлығы 95 азамат 378 млн 700 мың теңгеге несие алды.).

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант (200 АЕК) 389 азаматқа 215,6 млн. жоспарланып, 372 азамат грант алды.
(94 отбасы аз қамтылған, көп балалы 127 адам, жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі 6 азамат, 29 жасқа дейінгі жастар 41, оралман (қандастар) 2 азамат, жұмыссыз 102 азамат).
Үшінші бағыт халықты жұмыспен қамтуға

Жастар практикасына 500 жас маманға 198,8 млн. бөлініп, 258 маманға жолдама берілді, 33,2 млн. игерілді (келісім-шарты аяқталғандар 104, тұрақты жұмыспен қамтылғаны 92), (РБ 400 азаматқа 159,1 млн., ЖБ 100 азаматқа 39,7 млн.).

Әлеуметтік жұмыс орындары 80 азаматқа 16,8 млн. бөлініп, 93 жұмысқа жолданды. 10,7 млн. игерілді. (РБ 40 азаматқа 8,4 млн. , ЖБ 40 азаматқа 8,4 млн.).

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 1 100 адамға 389,7 млн. бөлініп, 872 жұмысқа тартылды. 204,7 млн. игерілді. (РБ 920 адамға 312 млн. 800 мың теңге, ЖБ 180 азаматқа 76 млн. 976 мың теңге қаражат бөлінді).
Бүгінгі күнге мүмкіндігі шектеулі 62 азамат жұмыспен камтылды.

(қысқа мерзімді оқу курстарына 4 адам, 5 адам шағын несие, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам, «Жастар практикасы» арқылы 5 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 22 адам, қайтарымсыз грант 6, 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылды).

Жұмыспен қамтудың жол картасы
Жұмыспен қамтылатындар 1 846 адам,
ЖҚО арқылы 922 адам,
Мердігерлер жоспары 924 адам, орындалғаны 521 адам (56,3%).

Асқар Жанқоразов, Жамбыл аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.