Таразда «Қазақ халқына мың алғыс» монументі ашылды

0

Бүгін Тараз қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Қазақ халқына мың алғыс» монументі ашылды. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз төрінде бой көтерген жаңа нысанмен танысты.

«Біздің ең үлкен жетістігіміз – Қазақстанда тұрып жатқан халықтар арасындағы достық. Елбасы Н.Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап осы қағиданы қазақстандықтардың бойына сіңіріп келе жатыр. Елбасы «біз барлығымыз көпұлтты Қазақстанның достығын, бірлігі мен ынтымағын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп жиі айтады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттар ассамблеясы құрылды. Биыл сол Ассамблеяның құрылғанына 25 жыл толып отыр. Еліміздегі достық пен ынтымақ дами берсін, әрдайым тұрақтылық пен бейбітшілік болсын», – деген облыс әкімі аталған монумент Елбасының тапсырмасына сәйкес бой көтергенін атап өтті.

Сонымен қатар, қаладағы ТИГУ студенттер жатақханасының алдындағы саябақта «Домбыра» ескерткіші ашылды. Қазақстың ұлттық аспабына құрмет ретінде салынған бұл ескерткіш биіктігі 8 метрге жуық.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.