Қордайда Конституцияның 25 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті

0

Қордайда Конституцияның 25 жылдығы жоғары деңгейде аталып өттіп, аудан әкімі бірқатар тұрғындарды марапаттады, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдағанына 25 жыл толады. Еліміздің ел болып, керегеміздің кеңейіп, шаңырағымыздың нығайып, тәуелсіздігіміздің одан әрі шыңдалуына септігін тигізген Ата-Заңымыздың алатын орны ерекше.

Аудан әкімдігінде өткен салтанатты жиында Рүстем Дәулет іс-шараға қатысушыларды төл мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Ата Заң біздің адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік беретінін атап өткен аудан басшысы марапаттау рәсімін бастады.

Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді абыроймен атқарғаны, отан алдындағы игі істері мен жауапкершілігі, кәсібіне деген адалдығы үшін айтулы мерекеге орай «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен келесі азаматтар марапатталды: Е.Бозжаев, Д.Айтқожын, С.Қашағанов, Д.Двумаров, К.Сәрсенбаева, І.Буларов, С.Қожамқұлов, Ж.Ещиғанов, Ж.Манасбаев, Х.Абдуллаев, Г.Айтқұлова, Е.Сатылғанов, С.Сидоренко, А.Изаева, Д.Молдағалиев, А.Ахметова, А.Өмірбек, Г.Әжмиева, Ш.Сабанова, Е.Әуелбеков, Р.Әмірханова, Г.Сұлтанова және А.Сәттібаев.

Ал, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалімен Т.Апаева, Л.Харченко, М.Лочь, А.Идыбо марапатталды. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы М.Асанқұловқа, Алғыс хаты Л.Нуркееваға тапсырылды.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамотасымен Г.Молдажанова және Қ.Уәлиева марапатталса, Қордай ауданы әкімдігінің Құрмет грамотасы М.Әлімбаев пен Р.Джинлироваға ұсынылды.

1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы еліміздің негізгі Заңы болып табылады. Ол конституциялық құрылыс пен оның негіздерін, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын, мемлекеттік ұйымдастыру негіздерін, сондай-ақ билікті жүзеге асыруды ұйымдастырудың негіздерін бекітуге шақырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы басқа құқықтық актілерге қатысты жоғарғы заң күшіне ие: елімізде қабылданатын бір де бір құқықтық акті (конституциялық заң, ҚР Президентінің Жарлығы, өңірілк құқықтық шығармашылық актісі, сот шешімі және т.б.) Негізгі Заңға қайшы келе алмайды, ал қайшы келген жағдайда (заңды коллизия) Конституция нормалары басымдылыққа ие болады. ҚР Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің ядросы, ағымдағы (салалық) заңнаманы дамытудың негізі болып табылады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.