БАҚ Қарабақтағы жарылыстар туралы хабарлады

0

Таулы Қарабақтағы Степанакерт қаласының маңында бірнеше жарылыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, Степанакертте жергілікті уақытпен сағат 20:20-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20) әуе шабуылының сиренасы шықты, бұл әдетте қаланың үстінде соққы жасаушы немесе барлаушы ұшқышсыз ұшақтардың пайда болуын білдіреді. Бұл жолы сирена ұзақ уақытқа қосылды – шамамен бір сағат. Содан кейін қала аумағында төрт жарылыс естілді.

Әзірше қай нысандар бұзылғаны белгісіз. 


Степанакерттегі түнгі атыстан кейін зардап шеккен көппәтерлі тұрғын үй. Фото: РИА Новости

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.