Дәрігерлер Дональд Трамптың жағдайын айтты

0

АҚШ президентін емдеп жатқан дәрігер Шон Конли Дональд Трамптың жағдайы туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Президент бүгін таңертең өзін жақсы сезінді», – деді дәрігер журналистерге.

Ол президенттің сақтық үшін ауруханаға жатқызылғанын айтты. 

«Біз қазір президенттің көрсетіп отырған жетістіктеріне өте ризамыз», – деді Конли. 

Оның айтуынша, Трампта аздап жөтел мен әлсіздік бар.

Баспасөз мәслихатына қатысқан басқа дәрігерлер президентке оттегі берілмейтінін, тыныс алу және қимыл-қозғалыста қиындық жоқ екенін мәлімдеді. Трампта жұмадан бері температура жоқ.

Трампты емдеу кезінде олар екі эксперименттік препарат қолданған: «Ремдесивир» және антиденелерден жасалған коктейль.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғаны хабарланған. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.