Ресейде журналист ІІМ ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберді

0

«Коза Пресс» интернет-басылымының бас редакторы Ирина Славина Нижний Новгородтағы ІІМ ғимаратының алдында өзін орындыққа байлап, киімін өртеп жіберді, – деп хабарлайды «Подъем«.

Жолаушылар мен полиция қызметкерлері журналисті құтқармақ болған, алайда ол оларды итеріп жіберген. Нәтижесінде Ирина Славина қайтыс болды.

Осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік журналист өзінің Facebook-тегі парақшасында: «Менің өліміме Ресей Федерациясын кінәлауды сұраймын», деп жазған.

Қайғылы оқиғадан екі күн бұрын журналистің үйінде тінту жүргізілген. Славинаның айтуынша, одан бірнеше компьютер, телефон және ақпарат құралдары тәркіленген. Адвокатпен байланысуға рұқсат берілмеген, ал күйеуі қызына қоңырау шала алмаған. Журналист тәркіленген заттардың хаттамасы берілмегенін айтты.

«Соңғы уақытта осындай жағдайлар кездесті… Оны билік тарапынан қыса бастады. Әкімшілік жаза, соттар… Ал іздеуден соң төзімі таусылды… Денесін кейінірек анықтаймыз. Күйіп қалған. Киімі жоқ, бәрі жанып кетті… Әйелімді біле отыра, мен тіпті күмәнданбаймын», – деді марқұмның күйеуі Алексей Мурахтаев РИА Новостиге.

Нижний Новгородтың тергеу комитеті іздеуге байланысты суицид жасау туралы ақпараттың негізі жоқ екенін мәлімдеді. 

«Новая газета» мәліметінше, Славина КоzaPress басылымының негізін қалаушы және ондағы жалғыз журналист. Жобаны құру идеясы 2015 жылы, Ирина үшінші рет жұмысынан айырылған кезде пайда болған. Журналист «Грибница» басылымына берген сұхбатында бұл жұмыстардан босап қалу себебі – «мәселелерді тым ары қазбалағаннан» екенін айтқан. 

Нижний Новгород облысының губернаторы Глеб Никитин журналистің туыстары мен достарына көңіл айтты. 

«Бұл қайғылы жағдайдың мән-жайын қазір құқық қорғау органдары анықтап жатыр», – деді ол журналистерге.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.