Мамин Мәскеуде Мишустинмен кездесті

0

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, – деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. 

COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар Мәскеу қаласына сапар барысында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.