Әлиев пен Пашинян телеарна эфирінде Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады

0

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы соғыс фонында Euronews арнасына эксклюзив онлайн-сұхбатында өз позициясын айтуға келісті.

«Атысты тоқтатуға біржақты қол жеткізду мүмкін емес, бұл екіжақты шешім болуы керек. Сонымен қатар, оны жергілікті жерлерде орындау керек. Өздеріңіз білетіндей, Армения 27 қыркүйекте бізге шабуыл жасады, әскери позицияларымызға шабуыл жасады және инфрақұрылымымызға зиян келтірді, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады. Бізде армяндардың, соның ішінде баллистикалық зымырандар мен кассета бомбаларының шабуылынан 30-ға жуық бейбіт тұрғын қаза болды. Біз бірнеше рет шабуылға тап болдық. Соңғы үш айда Әзербайжанға үш шабуыл жасалды», – деді Әлиев.

Пашинян бұл айыптаулармен келіспеді және өз кезегінде Әзербайжанды Таулы Қарабақта этникалық тазарту жүргізіп жатыр айыптады.

«Бүгінде Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық қоғамдастық арасында Армения мен Қарабақтың бұл соғысты қарапайым себеп бойынша бастамағаны туралы жеткілікті ақпарат бар. Себебі бұл жерде біз шешетіндей тиісті әскери міндеттер жоқ. Біз шешуге тиіс міндет саяси сипатқа ие. Біздің мақсатымыз бір – армян халқын жаңа геноцидтен қорғау. Бұл өзін-өзі қорғау. Біздің ұстанымымыз бұрынғыдай болды және солай болып қала береді: Қарабақ мәселесін зорлық-зомбылық арқылы шешу мүмкін емес. Зорлық-зомбылық арқылы ешқандай шешімге қол жеткізуге болмайды. Қарабақ проблемасын күшпен шешу, оған дайындық – Әзербайжан осындай саясатты жүргізді», – деді армян премьер-министрі.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілген болатын. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялаған еді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.