Жолың болсын, Сұлужан!

0

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында ұлт өнерін ұрпаққа насихаттайтын халықаралық «Мен қазақпын» телевизиялық мегажобасының «Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпазы, қаршадайынан қазақтың қара домбырасын серік етіп, ұлттық музыканың қайнарынан қанып ішкен Сұлужан Әбеновамен «Ұлы дала әуендері» атты онлайн ән кеші өтті.

Кеш барысында Сұлужан Әбенова Шу өңірінде туғанын, алғаш қолына домбыраны әкесінің ұстатқанын, өнер жолында әлемнің көп мемлекеттерінде болғанын, шығармашылықты шыңдауда үлкен байқаулардың алатын орны туралы айтты.

Жарты жылға созылған халықаралық «Мен қазақпын» мегажобасының еліміздің әр өңіріндегі дәстүрлі әнші, термеші және күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізді насихаттауда жеткен жетістігіне тоқталды.

Өнер жолындағы үлкен мектеп – К.Әзірбаев атындағы «Шырқа дауысым» конкурсы, Түркия Республикасында өткен Халықаралық «А1уі§а» фестивалі, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы, Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына арналған «Рухы Дәнеш жаңғырады, ұрпағы арнап ән салады» атты Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының лауреаты, Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» конкурсының дипломанты болған сәттеріне тоқталды.

Сонымен бірге оқырмандардан келген сауалдарға жауап беріп, бірнеше әнді нақышына келтіріп орындады.
Кітапхана ару қыз, дәстүрлі әнші Сұлужан Әбенованың шығармашылығына үлкен табыс тілейді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.