Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

0

Алаяқтық дегеніміз – бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе өз мүлкіндей пайдалану құқына заңсыз  иемдену  болып табылады. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен басқа қылмыстар да жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша қарастырылады.

Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнісін жанжақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет. қылмыстық  жауапқа  тарту  және  айыпты  деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағанын анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады. қылмыстың әрбір құрамы нақты қылмыстың объективтік және субъективтік белгілерінің сипаттамасынан құралады. Олай болса, бұл мәселелерді алаяқтық құрамына қатысты қарастыратын болсақ, мұндай қылмыстардың сырын түбегейлі білуге болады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.