Қайнар бұлақтан нәр алған тұлға

0

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Jambyl» радиосының жетекшісі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, сатирик-ақын Бақытжан Советұлы Әлімқұловпен «Қайнар бұлақтан нәр алған тұлға» атты онлайн сұхбат өткізді.

Онлайн сұхбатты Бақытжан Советұлы әкесі, лирик ақын Совет Әлімқұловтың өлеңімен бастап, өмірден ерте кеткен әкесінің алдындағы перзенттік парызы, архивтен тапқан еңбектері жайлы толқып айтты.

Өмірдің қиын сәттері мен көңіл толмайтын кездерін ащы сатирамен түйрей жөнелетін Бақытжан Әлімқұлов өзінің өмір жолына кеңінен тоқталып, жарыққа шыққан кітаптарын, сатираға қанша жасында келгенін, шығармашылықпен айналысатын уақыттарын әңгімелеп берді.

Қоғамның ең өзекті мәселесі, таусылмайтын тақырыбы сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы ойын айтып, арнаған сатирасын оқып берді.

Кейінгі кезде балалар әдебиетін қолға алып, жаңа кітапты шығару үшін баспаханаға жіберген жақсы жаңалығын оқырмандармен бөлісті.

Тосыннан келген қызық сұраққа да, толысып жеткен сауалға да жауап берді. Оқырмандарға ақ тілегін арнап, әр жанрдағы өлеңдерін оқыды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.