Жамбыл облысының тумасы кәсіпқой бокста чемпион атанды

0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев бірінші орта салмақта WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) жүйесіне енетін NABF Junior (Солтүстік Америкадағы бокс федерациясы) чемпиондық белбеуіне ие болды.

Отандасымыз мансабындағы маңызды жекпе-жегін Аризона штатындағы Тусон қаласында өткізді. Жергілікті боксшы Сесил Маккалламен жұдырықтасып, қарсыласына мықтылығын мойындатты.

10 раунд қорытындысы бойынша Мадияр төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген. Қазіргі уақытта отбасымен АҚШ-тың Майами қаласында тұрады. осыған дейін кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіс жетіп келеді. Ал мансабында алғаш рет чемпиондық белбеуді иеленді.

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.