Қазақстанда алғаш рет еуропалық үлгідегі жол белгілері қойылды

0

Қазақстанда алғаш рет еуропалық үлгідегі жол белгілері қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында замануи әдістер қолданылды. Соның бірі Жамбыл облысында республика бойынша тұңғыш рет күн сәулесінен қуат алып, түнгі мезгілде жанып тұратын жарық сигналдары (катафоттар) және KAZAUTOZHOL логотипі бар белгі беру бағаншалары орнатылды.

«Көліктердің қауіпсіз қозғалысын арттыру мақсатында еуропалық үлгідегі жаңа белгілері Жамбыл өңіріндегі А2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы «Тараз қаласы айналма жолы» учаскесінің 484 шақырымында, «Күйік асуын айналып өту» жолының 556-шақырымында, Нұрлыкент елді мекенінің тұсындағы 567-шақырымында (көліктердің кері бұрылу жерінде) қойылды. Жаңа үлгідегі жол белгілері қараңғы мезгілде жол жиегін жарықтандырумен қатар, жүргізушілердің жол қозғалысы жағдайына назарларын аударып жыпылықтап тұрады», – дейді компаниядағылар.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар жүргізушінің жол қозғалысы жағдайына жеңіл бейімделуіне және апаттың алдын алуға үлес қосады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ болашақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін мұндай жол белгілерін халықаралық дәліздер мен республикалық маңызы бар жолдарға орнатуды жоспарлап отыр.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.