Ауыл-ел бесігі-ауыл ажарын ашуда

0

Ауыл – алтын бесік, қасиетт іқұт мекен. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүрусапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.

Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған «Ауыл — елбесігі» жобасы Сарысу ауданында да қарқынды жүруде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында ауылдарды дамытуға бағытталған нақты істер қолға алынуда.

Бұл ретте, «Ауыл –Ел бесігі» жобасын іске асыру тетіктері келесі шараларды қамтиды. Бірінші кезекте тірек ауылдық елді мекендер іріктелді, олардың даму әлеуетіне және қазіргі экономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда іске асырылатын жобалар қоса қамтылды.

Республикалық бюджеттен өңірлер бойынша қаражат бөлудаму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарының саныныңнегізінде жүзеге асырылды.

Еліміздің барлық өңірлерінде ауыл инфрақұрылымын кеңауқымды жаңғырту басталады. Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттаржүйесіне сәйкес Жамбыл облысы Сарысу ауданы бойынша «Ауыл — ел бесігі» жобасыаясында Саудакент және Жайылма елді мекендері — тірек елді мекендерретінде,  Жаңаталап, Ұйым, Игілік, Өндіріс,Қызылдихан, Маятас, Ақтам, Әбілда елді мекендері спутниктік елді мекендерретінде айқындалып, іріктеліп алынды.

Сарысу ауданы бойынша «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында 22 жобаға қаржы бөлініп, барлық жобалар бойынша жұмыс аяқталды деуге болады.

Соның ішінде «Ақбота» балабақшасының ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары тлығымен аяқталып, ата-аналарға қуаныш сыйлауда. Сәуле Мешітбайқызы аталмыш балабақшаның меңгерушісімен кездесіп, бүлдіршіндер жайында әңгімелесті. «Мөлдір бұлақ» балалар журанлына бойында жылт еткен, таланты мен талабы бар балаларды беріп, қанаттарын қағуға сеп болайық, — деді.

Сондай-ақ, Байқадам ауылдық округінің әкімі Амантай Назарбеков  Саудакент елді мекеніндегі 18 негізгі көшенің жөндеу жұмыстары толық аяқталғанын, бұрын аудан орталығы болған ауылдың бүгінгі ахуалы тұрақты әрі жағдайы жақсы екендігін айтты.

«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Саудакентте спорт залы құрылысы жүріп жатыр. Бұл ауылдан спорт саласының майталмандары мен чемпиондары көптеп шығады деген сөз деп ауыл қуанышымен бөлісті.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.