Байқадамда алынған несие нысаналы мақсатына сәйкес жоспар 101% орындалды

0

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылдық округтегі ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бойынша есеп берілді.

Округ бойынша мал сатып алуға 300  өтінім түсіп, берілген несие сомасы  778 млн  311 мыңтеңгені құрады. Пилоттық жоба бойынша алынған малдан 912 бас мүйізді ірі қараның 115 бас бұқа бордақыланды. 797 бас аналық бастан 398 бұзау, 747  бас жылқыдан 373 құлын, 2235 бас майда малдан 1117 бас төлдер алынды. Алынған несие нысаналы мақсатына сәйкес  жоспар 101% орындалды.

Пилоттық жоба бойынша алынған115 бас бордақыланған бұқаның 90 басы көршілес Түркістан облысы Қарабұлақ ауылына сатылып қалған 25 бас ауыл және аудан көлемінде және өзіндік тұтынуға сатылды. Жалпы бордақы малдан 18 тонна ет 1800 тг/келі, соммасы  28 млн800 мың теңге. 410  сауын сиырдан 196,8 тонна сүт өнімі 100 тг/литр, соммасы  29 млн 520 мың теңгені құрады.

Айта кетейік, Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округ тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы қалай жүзеге асып жатыр? Толығырақ тоқталсақ, Сарысу ауданы, Байқадам ауылдық округі 2019 жылы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында пилоттық ауылдық округі ретінде таңдалды.

Округте аула саны — 984, халық саны — 6006 адам. Мақсаты: қарапайым заттар экономикасын арттыру, яғни, ауладағы жерді игеру, мал өсіру және жұмыссыздық деңгейін төмендету. Пилоттық жоба бойынша 2,5 пайызбен 5 жылға жалпы сомасы — 915 млн 571 мың тенге тұрғындарға несие берілді. Пилоттықтық жоба 5 — бағытта жүргізілді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.