Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағына таласады

0

25 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Бұл ақпаратты Бүкіләлемдік бокс ұйымы (IBO) Twitter парақшасында хабарлады.

Ұйымның мәліметінше, Ахметовтың жекпе-жегі 18 желтоқсанда Холливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында қазақстандық Геннадий Головкин мен польшалық Камиль Шеремета кездесуінің андеркартында өтеді. Оның қарсыласы – 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора.

Гонгора кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13-інде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан. Ал Әли Ахмедов кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыласынан басым түскен.

Қос боксшы арасындағы чемпиондық жекпе-жек екінші орта салмақта (76 килограм) өтеді. Он екі раундқа жоспарланып отыр.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.