Жәнібек Әлімханұлы «Конело» бастаған чемпиондарды жекпе-жекке шақырды

0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2021 жылды чемпиондық жекпе-жек өткізуден бастағысы келеді. Бұл туралы боксшының өзі Twitter парақшасында жазды.

Ол өз жазбасында промоутері Боб Арум мен менджері Эгис Климасқа қайрылған.

«Боб Арум, мен барлық чемпионның тас-талқанын шығаруға дайынмын! +1 чемпион жасайық! Мурата, «Канело», Чарло, Андраде? Оңай жұмыс! Эгис Климас, 2021 жылды чемпиондық жекпе-жектен бастайық» – деп жазды Әлімханұлы твиттердегі парақшасында.

Әлімханұлы жұдырықтасатын орта салмақтағы танымал чемпиондық белубеулер төрт боксшыға тиесілі. Олар: мексикалық Сауль Альварес (WBA Super және WBC Franchise), америкалық Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO) және қазақстандық Геннадий Головкин (IBF және IBO).

27 жастағы Жәнібек Әлімханұлы 2016 жылдан бері кәсіпқой бокста жүр. Ол осы уақытқа дейін 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңген. Оның бесеуінде мерзімен бұрын жеңіске жектен.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.