Қазақстан президенті Қысым-Жомарт Тоқаев жарлығына сай, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық биыл жеті адамға берілмек. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
- Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін;
- Ақсұңқар Серікке, ақын – «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін;
- Есім Ғарифоллаға, жазушы – «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін;
- Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;
- Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін;
- Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін;
- Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.