«Алтын домбыра» айтысы өз мәресіне жетті

0

Кеше Нұр-Сұлтанда жылдың қорытынды айтысы дәстүрлі «Алтын домбыра” өз мәресіне жетті.

Оған жыл бойығы айтыстарда үздік өнер көрсеткен сегіз ақын қатысты.

Бас жүлдені қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов иеленді. Ол «Алтын Домбыра» айтысын үшін рет ұтқандықтан, алтын жалатылған арнайы домбыраны өзіне алды.

Қазылар алқасының шешімімен, бірінші орынды Бекарыс Шойбеков, екінші орынды Еркебұлан Қайназар, үшінші орынды Серік Қуанғанұлы иеленді. Бекарыс Шойбековке «Айтыстың ақтаңгері» деген арнайы атақ та берілді. Ал Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Абзал Мақаш және Қазірет Бердіханға арнайы жүлде бұйырды. Ал Жансая Мусина Assyltas қоғамдық қорының стипендиясын иеленді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.