Бес сәбиі өртеніп кеткен Ситерлер отбасы ұлды болды

0

Былтыр ақпан айында үйі өртеніп, бес қызынан айырылған Евгений Ситер мен Жанымгүл Ситер ұлды болды. Бұл ақпаратты өзінің Facebook парақшасында экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров хабарлады.

«Жанымгүл жүкті болған кезде, көз тимесін деп құпияда ұстауды өтінді. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл дүниеге келді! Барша халық атынан құттықтап, ұлыңызға Жаратушының ықыласы тисін деп дұға етеміз! Бауы берік болсын!» деп жазды Бердіоңғаров.

Былтыр 4 ақпанында Ситерлер жалдап тұратын Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 ықшам ауданындағы жер үйден өртеніп кеткен. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала қаза тапқан еді. Осы оқиғадан кейін елде көп балалы аналардың наразылығы басталған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.