Головкин-Шеремета жекпе-жегінің нақты уақыт белгілі болды

0

DAZN стриминг қызметі 18 желтоқсан Холливудта өтетін бокс кешінің нақты уақытын жария етті. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады.

DAZN-ның хабарлауынша, Қазақстан уақытымен андеркард жекпе-жектері сенбі, 19 желтоқсан таңғы 04:00-де басталады , ал Головкин – Шеремета айқасы 07:00-ге жоспарланған. Дегенмен, кардтағы жекпе-жектердің қалай аяқталарына байланысты кесте уақыты өзгеруі де мүмкін. 

Жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Головкин-Шеремета кездесуінің андеркартында тағы қазақстандық боксшы Әли Ахметов та жұдырықтасады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.