Тәуелсіздік жылдарында кедейшілік 40-тан 3 пайызға дейін қысқарды – Елбасы

0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік жылдарында кедейшілік 40-тан 3 пайызға дейін қысқарғанын тілге тиек етті. Бұл туралы XII Астана экономикалық форумында айтты.

«Мен Қазақстанға  сенген және бүгінгі күні де сенім артып отырған серіктестеріміздің, мемлекеттердің, достас инвесторлардың сенімін жоғары бағалаймын. Мұндай прагматикалық оптимизмді Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесіне сенімділіктің маңызды көрсеткіші санаймын. Біздің еліміз әлемдік қоғамдастықтың құрметті мүшесіне айналды. Тәуелсіздік  жылдарында экономика 20 есе артып, кедейшілік 40-тан 3 пайызға дейін қысқарды. Біз бұл бағытты нығайтуды жалғастырамыз», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Н.Назарбаев еліміздің Сыртқы істер министрлігі шетел инвестициясын тарту мәселесінде негізгі орган екенін, ал шетелдегі Елшіліктер Қазақстанда жұмыс істеуге ниет танытқан кез келген инвестор үшін бірыңғай терезеге айналатынын айтты.

«Біз әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жұмыстарын жалғастыра береміз. 2050 жылға дейін даму стратегиясы қабылданған. Біздің барлық стратегиямыз бен бағдарламамыз бір мақсатқа жұмылдырылған. Бүкіл Қазақстан осы бағытта жұмыс істеуде», деді Елбасы.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.