«Маған жыныстық қысым көрсетті». Губернатордың бұрынғы көмекшісі бастығын айыптап жатыр

0

АҚШ-тың Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомоның бұрынғы кеңесшісі Линдси Бойлан өзінің бұрынғы бастығын «жыныстық зорлық жасады» деп айыптады.

«Иә, Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо мені ұзақ жыл бойы жыныстық жағынан қорлады. Көбі мұны көрді және бейжай қарады. Мен не күтетінімді ешқашан білмедім: жұмыстағы сұрақтар (бұл өте жақсы) немесе сыртқы келбетіме байланысты қысым көрсету. Немесе екеуі де бір әңгімеде ме? Бұл көптеген жылдарға созылды» деп жазды Бойлан Twitter парақшасында.

Америкалық «Wall Street Journal» газеті 36 жастағы Бойлан өзінің әлеуметтік желідегі посттары туралы нақтылау сұраған хабарламаларға жауап бермегенін жазды. Басылымның жазуынша, ол бұл жағдай туралы журналистермен сөйлеспейтінін айтқан.

Ал Кумоның өкілі Кейтлин Жируар айыптауларды жоққа шығарған және Бойланның айыптаулары «жай ғана дұрыс емес»деп мәлімдеген. Газет дереккөзінің айтуынша, Бойлан Кумоның көмекшісі болып жұмыс істеген кезде губернаторға ешқандай ресми шағым түсірген жоқ.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.