1990 жылдары Қазақстан территориясында бөлек мемлекет құрғысы келгендер болған. Бұл жөнінде елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Хабар» телеарнасында өзі жайлы көрсетілген «Штрихи к портрету» фильмінің екінші бөлімінде айтты.
«Бізде астыртын ниет ойлағандар болды. Белгілі бір территорияда қандай ұлттар көп тұрғанына байланысты «өзіміздікін» (мемлекетті — авт.) құрайық» дегендер болды. Бұл бөлек әңгіме, өте қауіпті. Оралда казактар, Шығыс Қазақстанда да. Сосын арандатушылар Ресейден келіп, «осында келіңіздер, өзіміз, территорияларыңызбен» дей бастады. Мұның бәрін қиын жағдайда басу керек болды, бірақ, құдайға шүкір, бұл мәселелердің бәрін шеше алдық.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында, Өскеменде бір топ адам әкімдікті басып алып, Шығыс Қазақстанды Алтай республикасы деп жариялағысы келді. Бұл қолынан келер еді. Дәл уақытында біліп, бұл адамдарды ұстап, соттаттық. Әрине — соғыс, бұған жол бере алмадық, оларды жою үшін қарулы күштерді жұмылдыруға мәжбүр болдық. Мұнсыз-ақ шешуге мүмкіндік болды» деді Назарбаев.
Сонымен қатар ол Қазақстан Совет одағындағы мемлекеттердің арасынан не себепті ең соңғы болып тәуелсіздік алғанына да тоқталды.
«Біз шын мәнінде барлық республиканың ішінде соңғы болып жарияладық. Біз де-факто тәуелсіз болдық, сондықтан бәрі бізден тәуелсіз болды, Ресейдің өзі тәуелсіздігін 1990 жылы, 12 маусымда жариялады. Кеңес одағы 1991 жылдың соңында құлады, ал Ресей өзін тәуелсіз деп жариялады. Кімнен? Ресей КСРО-да ең ірі мемлекет болды, бәрі оның айналасында тұрды. Ресей белгі беріп, бәрі жариялай бастады. Осылайша жалғыз әрі тәуелсіз болып қалдық, соғыссыз, төбелессіз, ештеңесіз. Осылайша мен осындай мемлекеттің басшылығында болдым
Біз ең қиын жағдайда болдық. Осы мәселені шешуіміз керек болды. Сіздің соңғы жарияладық па, жоқ па деген сұраққа, мәселе мұнда біреуден бұрын деп жарысуда емес, бірінші я соңғы болуда емес, мәселе — мемлекеттік сақтап қалуда. Тәуелсіздікті жариялау — бұл бір мәселе, ал оны сақтап қалу — мүлде басқа категория, қиыны» деді Нұрсұлтан Назарбаев.