«Мен ешкімнен қашпаймын». «Канело» Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді

0

Бүгін Техаста (АҚШ) өткен кәсіпқой бокс кешінде британдық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңіп, екінші орта салмақтағы (76,2 киллограм) WBA Super, The Ring, WBC тұжырымдарының чемпиондық белбеуін иеленген мексикалық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жайлы ол Смитті жеңген соң журналист қойған сұраққа жауап беру барысында айтты.

Журналист «Жуырда Геннадий Головкин жеңіске жетті. Болашақта сіздердің үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін бе?» деп сұрақ қойды.

«Мен ешкімнен қашпаймын. Мен ең мықтылармен жұдырықтасамын. Егер бұл жекпе-жекті қабылдауға мүмкіндік болса, мен оны қабылдаймын. Бірақ мен мықтылармен жұдырықтасатынымды көрсеттім» деп жауап берді Альварес.

Головкин кеше польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, 21-ші рет чемпиондық атағын қорғап қалған еді.

Головкин мен Альварес бұған дейін екі рет жұдырықтасқан. Қос боксшы арасындағы 2017 жылы қыркүйекте өткен алғашықы жекпе-жек тең аяқталып, 2018 жылы болған екінші жекпе-жекте Альварес жеңіске жеткен еді. Қос кездесуде бірінші орта салмақата (72 киллограм) өткен.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.