Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаевпен «Ұлы дала әуендері» атты ән кешін өткізді.
Кешті Бахыт Қысатайұлы әсем әнмен ашып, өнер жолына келген сәтіне тоқтады. Киелі сахнада өткен 33 жылында аға-әпкелерден көрген жақсылығы, ұстаздан көрген шапағатын ерекше толғаныспен айтты.
Өнерге алғашқы баулыған әке мен ана болса, бүгінде өзі де бірнеше шәкірт тәрбиелеген ұстаз, өнерлі отбасы екені де айтылды.
Облыста аспаптарда ойнайтын кәсіби мамандар даярлайтын оқу орының жоқтығы, нағыз мамандардың марапатқа кеш ұсынып жататынына да қынжылысын да жеткізді.
Ел басына күн туып, әлемді жаулаған ауыр кеселдің өнер адамына тигізген зардабына тоқталды.
Жыл сайын бірнеше ауылдарды аралап, тегін концерт ұйымдастыруды өзіне мақсат етіпті, биыл сол үрдіс тоқтап, көрерменмен онлайн жүздесу жүзеге асып жатқанын айтты.
Қазақ журналистикасының қара нары Бейсен Құранбекпен кездесудегі сәулелі сәттерге тоқталып, көзіне жас алып, бірнеше жақсы жобаларға қолдау тапқанын, әлі де жалғастырмақ ниетте екенін жеткізді.
Онлайн келген сұрақтарға жауап беріп, арнайы кітапханаға алғысын айтты.