Тоқаев Қазақстанды тағы да миллиард қарызға тықты

0

Бүгін, 21 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 1,6 миллиард евро қарыз алу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.

Ақорданың жазуынша, қарыз коронавируспен күрес және ел экономикасын қалпына келтіру шараларына алынып отыр.

Азаттық радиосының жазуынша, қараша айының соңында Қазақстан парламенті мәжілісі Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 1 570 396 000 евро (шамаммен 1,9 миллиард доллар) қарыз алу туралы заңды мақұлдаған. Еврибор+0,50% үстемақысымен берілетін бұл қарыздың 908,5 миллион евросын Азия даму банкі, 661,8 миллион евросын Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі ұсынып отыр.

Қазан айында Қазақстан қаржы министрі Ерулан Жамаубаев 2021 жылы республикалық бюджетке кіріс 11,4 триллион теңге, шығыс 14 триллион теңге болады деп жоспарланып отырғанын айтқан.

Қазақстан ұлттық банкінің мәліметінше, 2020 жылғы 1 шілдеде елдің сыртқы қарызы 159,8 миллиард долларға жеткен. Оның ішінде 11,8 миллиард доллар мемлекеттік басқару органдарының, 825 миллион доллары орталық банктің (Ұлттық банк), 5,2 миллиард доллары екінші деңгейлі банктердің, 101,2 миллиард евросы фирмааралық қарыздың үлесінде. Қалған 40,6 миллиард евро – мемлекет кепілдігімен алынған басқа да қарыздар.

Коронавирус жұқтырған науқас алғаш тіркеліп, төтенше жағдай жарияланғанда Қазақстан үкіметі коронавируспен күреске және оның салдарынан туындайтын экономикалық дағдарысқа 5,9 триллион теңге (14 миллиард долларға жуық) бөлетінін мәлімдеген. Бұл соманың ішінде 191 миллиард доллар пандемиямен күреске тікелей жұмсалған. Қалғаны коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин шараларынан табысынан айырылғандарға жәрдемақы төлеуге, кәсіпорындарға қолдауға және экономиканы қалпына келтіру бойынша өзге де шараларға бағытталған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.